БИЫЛ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР 33 ӨНІМНІҢ БАҒАСЫНДА ӨЗГЕРІС БАР
Ауыл шаруашылығы басқармасымен жүргізген мониторинг бойынша 7 қазандағы облыстың ішкі нарығындағы әлеуметтік маңызы бар 33 негізгі азық-түлік тауарларының бағаларында өзгеріс бар.
11 ақпанмен салыстырғанда 21 өнім бойынша өсім байқалады. 8 түрлі өнімнің бағасы төмендеп, 4 өнімнің бағалары бір қалыпты. Бұл жөнінде облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов хабарлады.
- Бүгінгі күні облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында 1 жұмыс тобы, 1 тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы және 1 штаб жұмыс жасайды. Осы аталған жұмыс топтарымен күнделікті жасалған мониторинг нәтижесімен арзан бағамен сатылып жатқан азық-түлік бағалары БАҚ арқылы жариялануда, - деді Д.Әбуов.
Шынар БЕКБАН