БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 27 қазанында түнгі сағат 02.15 шамасында Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылына қарасты «Қосарық-Баян» аумағында «ГАЗ-53» маркалы автокөлігі тоқтатылып, көлікке қарау жүргізу барысында 16 дана қоянның денесі, сонымен қатар аңшы мылтығы мен 2 жарық шам анықталды. Заңсыз аңшылық құрған 4 азамат оқиға орнында ұсталды.
Дәл осындай дерек Сырдария ауданында да тіркелді. 2016 жылдың 28 қазанында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылына қарасты «Көксеңгір» аумағында 1957 жылы туылған азаматтың басқаруындағы «Ланд Крузер – 80» маркалы автокөлігінің жүксалғышынан 6 дана қоянмен қоса, 2 дана қос ұңғылы 12 және 16 калибрлі аңшы мылтықтары алынды.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтардың кінәлары дәлелденген жағдайда, олар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері Облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірігіп экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы, яғни заңсыз аңшылық дерегі бойынша 17 қылмыстық іс қозғаған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі