КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ ҚАТТЫ ЖАУЫН-ШАШЫН КҮТІЛЕДІ
1 қараша күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, солтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-шығыста ауа-райы жауын-шашынсыз болмақ.
Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді, солтүстікте сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 18-20 м/с екпінде соққан желдің екпіні, күндіз Жарма ауданында 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасынмен бірге 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл күндіз және таңертен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, түнде және таңертен Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болжанады.