О.СҮЛЕЙМЕНОВ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚОРҚЫТ АТА ТУРАЛЫ КІТАП ШЫҒАРАДЫ
Бұл туралы жазушы Қызылорда облысында өтіп жатқан «Қорқыт Ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда айтты.
Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отырған фестиваль аясында халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталып, оған 9 мемлекеттен 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері қатысып жатыр.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Қ.Көшербаев тарих тағылымын қастерлеп, Қорқыт ата мұрасын түркі әлеміне кіретін әрбір ұлттың ортақ құндылығына айналдыруды мақсат тұтқан Сыр еліндегі ғылыми басқосуды маңызды оқиға деп атап өтті. Қорқыт бабамыздың рухани қазынасын насихаттауға арналған ғылыми-теориялық конференция барысында түркітілдес елдер мәдениетінің бірлігі мен тұтастығы туралы өзекті мәселелер қозғалып, Қорқыттың тарихи тұлғасы мен асыл мұрасы жайында ғылыми баяндамалар оқылды. Ғалымдар тарапынан «Қорқыт» энциклопедиясын және халықаралық деңгейде «Қорқыт» журналын шығару, сонымен қатар Қорқыт туралы көркем фильм, пьеса, музыкалық шығарма жазу жөнінде ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан халық жазушысы Олжас Сүлейменов «Түркі мәдениеті мен Қорқыт ата» жайлы еңбек жазып жатқандығын және көп ұзамай жарыққа шығатындығын жеткізді.
Еске сала кетсек, 8-9 қазанда Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық өнер фестивалі аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесі мен халықаралық ғылыми-теориялық конференция және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.