ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ
29-30 қазан күндері Қызылорда облысының Қазалы ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті.
Мерекенің алғашқы күні ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда аймақтың, жалпы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері талқыланды. Сондай-ақ Ғани Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау рәсімі ұйымдастырылып, белгілі айтыскер ақындардың қатысуымен айтыс өткізілді.
30 қазан күні қасиетті Бегім Ана мен Асандар көтерілісі құрбандарының ескерткіші, Жалаңтөс Баһадүр кесенесі, Тәуелсіздік монументі бой көтерген «Тәуелсіздік» аллеясының ашылу салтанаты өтті.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев тарихи ескерткіштердің ашылу салтанатына қатысып, жұртшылықты келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
- Бізге ата-бабаларымыздың арманын көру бұйырды, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Қызылорда облысы Тәуелсіз Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік жылдардағы ел дамуын бір ғана Қызылорда облысының жетістіктеріне қарап баға беруге болады» деп аймақ жетістіктерін ерекше атап өтті. Мысалы, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы аймақтық жалпы өнім 264 пайызды құрады. Тәуелсіздік жылдарында аймақта 108 білім беру және 109 денсаулық сақтау нысандары бой көтерді. Біздің облыс шикізаттық емес сектордың дамуы жөнінен көш бастап тұр: үш жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 есеге өсті!- деді Көшербаев өз сөзінде
Тәуелсіздік монументінің ашылуы кезінде фейерверктер жағылып, мыңдаған шарлар әуеге жіберілді.
Дәл осы күні ауданда ат бәйгесі мен құсбегілер байқауы, сондай-ақ жыраулар фестивалі ұйымдастырылды. Кешке орталық алаңда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.