БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА
Облыстағы бағаны тұрақтандыру қорындағы өнім көлемі 1980,6 тонна. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бақыт Жаханов мәлімдеді.
Қорда өсімдік майы – 0,9 тонна, қант – 167,5 тонна, шай – 0,004 тонна, күріш – 576,5 тонна, картоп – 618,2 тонна, жуа – 200 тонна, сәбіз – 150 тонна, ұн – 267,5 тонна өнім бар.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясында мәлім болғандай ағымдағы жылы азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде 12758,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылған. Әріптестік нәтиже оң әсерін бергендіктен келісім 2019 жылға дейін ұзартылып отыр.
«Облыс орталығында жыл басынан бері 40 жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 567 млн теңгеге 4987 тоннаның өнімі нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Ағымдағы жылы 59 ірі сауда орталықтарымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын 5-10 пайыздан асырмай сату жөнінде меморандумдарға қол қойылды» - дейді басқарма басшысы.
Фариза ОМАРОВА