ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы биыл «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын екінші рет өткізуде. Байқауға партияның Қызылорда облысындағы 269 бастауыш ұйымдарынан аумақтық кезеңдерде іріктеліп, озып шыққан 23 үміткер қатысты.
Олар партиялық жобаларды жүзеге асыру, ішкі партиялық жұмыстарды жүргізу, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, атқарған жұмыстарды БАҚ-тарда көрсету, ұйым жетекшісінің белсенділігін анықтау және жастармен жұмыс нәтижелерін сараптау секілді бағыттар бойынша бақ сынасты.
- Облыста «Нұр Отан» партиясының 46 мыңнан астам мүшесі бар. Партия саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру – бастауыш партия ұйымдарына жүктелген міндет. Жетекші саяси ұйымның 9 бағытын қамтитын жобалары күнделікті атқарылатын жұмыстың негізгі мазмұны. Бастауыш партия ұйымдары жергілікті жердегі игі бастамаларға қолдау көрсетіп, 100 нақты қадамнан туындайтын міндеттерді орындауға айрықша маңыз беріп отыр. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған нақты істер жүзеге асуда, - деді облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов.
Байқауға қатысушылар жұмысын сарапқа салған комиссия мүшелері 100-ге дейін мүшесі бар ұйымдар арасында Жалағаш аудандық партия филиалына қарасты «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымын, 500-ге дейінгі санат арасында «Теміржол» партия филиалына қарасты «Қызылорда жол бөлімшесі» БПҰ, 500-ден жоғары санат бойынша Шиелі ауданының «Аудандық аурухана» БПҰ бірінші орынға лайықты деп тапты. Олар енді Астана қаласында өтетін республикалық сынға қатысады. Сондай-ақ, Қызылорда қалалық партия филианың «Дарын», «Теміржол» партия филиалының «Денсаулық», Жаңақорған ауданынан «Қызылқұм» БПҰ, Тұра филиалынан «Әділет» сияқты бірқатар бастауыш ұйымдар жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, былтыр «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының републикалық кезеңіне облыстық партия филиалынан 3 бастауыш ұйым қатысып, Қармақшы аудандық партия филиалына қарасты «Райполиклиника» БПҰ жүлделі 3-ші орынды жеңіп алған болатын.