ТҰРАҚСЫЗ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
31 қазан күні Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, болады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.