«ТӘУЕЛСІЗДІК» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, кеше Қазалы ауданында «Тәуелсіздік» аллеясы пайдалануға берілді.
Аллеяның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қазалылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады. Қ.Пірімов көшесіндегі аллеяда Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандарына арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс батыр кесенесі және Тәуелсіздік монументі орналасқан. Сондай-ақ, мұнда тұрғындар мен қонақтарға демалып, тынығуға жағдай жасалған. Жалпы, бұл жобаларды іске асыру үшін бюджеттен 470 млн теңге қаржы бөлінген. Аллеяның ашылу салтанатынан соң Қ.Пірімов көшесі бойында тігілген100 киіз үйде бабалар рухына құран бағышталып, ас берілді.