ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды, деп хабарлады облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
Оған облыс әкімінің орынбасар Руслан Рүстемов, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын зерттеушілер, қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Салтанатты шарада Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Клара Жұмабаева, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов сөз сөйледі.
Тектілігімен, өмірге, тарихқа көзқарасының тереңдігімен, азаматтық парасатымен халықтың жүрегінде сақталған заңғар тұлғаның қоғамдағы орны мен ел үшін сіңірген ерен еңбегі туралы айтып берді. Сонымен қатар дәрісхананың жазушы есімін иеленуі жастарға өнеге екенін атап өтті.