СЕКСЕУІЛДІ КЕСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
«Еліміздің барлық аймақтарында сексеуіл ағаштарын қорғау мақсатында сексеуілдің барлық түрлерін кесуге тыйым салынды», - деді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.
Жұлдызай Жыланбасқызының айтуынша сексеуіл ағашынан басқа ағаштарды кесу мен орман билетін беру орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында осы бағытта 212 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Қызмет ұқсат алушылар құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалады.
Жалпы басқарма тарапынан барлығы 9 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. 2016 жылдың 9 айында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 1190 мемлекеттік қызмет ұсынылған.
Фариза ОМАРОВА