ТОҒЫС ЖҰМАШЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 27 қазаны күні ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында бокстан жасөспірімдер арасында Арал ауданының белгілі азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты болған Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир шымылдық түрді.
Дәстүрлі турнирге Өзбекстан республикасы мен еліміздің әр облыстарынан келген жас боксшылар қатысты. Аталған турнирде барлығы 148 спортшы өзара бақ сынаспақ.
Турнирдің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлішева алып, ауданға белгілі азамат Тоғыс марқұмның тірлікте жасаған әрбір жақсылық істерін еске түсіріп, сайыс жолына шыққалы тұрған боксшыларға сәттілік тіледі. Сосын, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж. Оспанов сөз кезегін алып, бастау алған аталмыш турнирдің аудан, облыс үшін маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Өзара үздіктер анықталатын республикалық турнир, кесте бойынша 30 қазанда қорытындыланбақ.

Фариза ОМАРОВА