АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ЖОҒАРЫЛАП, КЕЙ ЖЕРГЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Қазгидрометтің хабарлауынша, ауқымды және суық антициклон, солтүстік-шығыс бағытында ақырындап Сібірге қарай жылжып барады.
Ығысқан антициклон орнына Поволжьядан республиканың алдымен батыс, содан кейін солтүстік облыстарында жауын-шашын тудырып, шығысына қарай жеке циклон келе жатыр. Осы реттегі ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде.
Оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және 29 қазанда ауа температурасы жоғарылап, кей жерге жаңбыр жауады.
Оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және 29 қазанда ауа температурасы жоғарылап, кей жерге жаңбыр жауады.