БАЙҚОҢЫРДА ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ОҚУЛАР ӨТІП ЖАТЫР
Байқоңыр қаласы аумағында 1 аптаға созылатын «Боран - Байқоңыр 2016» және «Ликвидация» командалық-штабтық оқулары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқоңыр қаласындағы жедел штаб жетекшісі, Ресей ФҚҚ бөлімінің басшысы полковник Евгений Медведевтің хабарлауынша, № 21 «Василек» балабақшасы базасында өтетін «Боран - Байқоңыр 2016» оқуының міндеті - халық көп баратын орындардағы лаңкестік актіні болдырмау. «Атқарушы билік органдары мен қызығушылық танытқан өзге де мекемелер қатысқан оқуларда лаңкестікке қарсы операцияларды басқару және лаңкестік акт салдарын азайту және жою бойынша тәжірибелік іс-шаралар пысықталды», - деді Евгений Медведев.
Сонымен бірге, дәл осы нысанда қала әкімшілігі күштері мектепке дейінгі білім беру нысандарындағы теракт салдарын жою бойынша командалық-штабтық оқулар өткізді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Лаңкестікке қарсы оқуларды өткізуге байланысты Байқоңыр қаласындағы төрт көше маңындағы тұрғындар қозғалысына шектеулер енгізілді.