КӨМІР-ҚЫШҚЫЛ ГАЗЫМЕН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
2016 жылдың 15 қазанынан бастап облыс бойынша 7 рет көмір қышқыл газымен улану жағдайлары орын алды. Онда 13 адам көмір-қышқыл газымен уланып, ауруханаға түсті. Олардың 8-і бала, 5-еуі ересек адам. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын және пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы