РЕСПУБЛИКАНЫҢ 500-ДЕН АСТАМ КӘСІПОРЫНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ «ПАРЫЗ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауына қатысуға республикадағы 501 кәсіпорынның басшылығы өтінім білдірді, деп жазады mzsr.gov.kz.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып ұйымдастыратын «Парыз» байқауы биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр.
Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласынан болды - 68. Екінші орында үміткерлер саны жағынан Павлодар облысы – 53, ал 47 өтінім Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан қабылданды.
Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі (263) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына келіп түсті. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына 78 үміткер қатысты. 89 кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатысуға өтінім білдірді. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 71 өтінім қаралды.
Байқау аймақтық және республикалық деңгейде өтеді.
«Парыз» байқауының Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткер ие болады. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылғы желтоқсан айында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен оны ұлғайтуға негізделген. Жалпы, байқауға аталған уақыт аралығында кіші, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының 3 мыңнан астам өкілдері қатысты.