МАМАНДАР БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ
2014 жылдың қыркүйек айының 22-сі және қазан айының 3-і күндері аралығында Қызылорда облысы ТЖД бас маман-психологы Д.Имирова, Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ психологиялық қызметтің бас маманы А.Тілеуқабылова , ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бас – құтқарушы дәрігерлік маман – психологы А.Оразалиева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясында психологиядан үшінші-төртінші модуль бойынша білімдерін жетілдірді.
Модуль бойынша психологтар «Жанұялық психотерпаия», «Транзакционды анализ», «Топтық психотерапия», «Терроризм және өлім психотерапиясы» сынды маңызды тақырыптар бойынша өз білімдерін толықтырды. Тәжірибелі тәлімгерлердің бақылауымен өз мәселелерімен жұмыс істеп, стресс жағдайындағы тренингтерді үйренді.
Жаттықтырушы түрінде жұмыс істегендер: жоғары дәрежелі психологтар - Минакова Анна Борисовна және Пашатылюк Владимир Александрович.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі