ОҚУЛЫҚТАР БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЙТЫНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ
Алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігінің сайтында оқулықтардың электронды нұсқалары жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Осы уақыттан бастап әр мұғалім, ата-ана немесе оқушыға электронды оқу ресурстары қолжетімді болады және оларды кез-келген уақытта қолдануға мүмкіндік бар», - дейді министрлік мамандары.
Еліміздің бірінші сынып оқушыларына кітаптар шығарған қазақстандық баспалар оқулықтардың электронды нұсқаларын министрлікке ұсынған.
Оқу материалын интерактивті түрде ұсынудың заманауи тәсілдері кез-келген жастағы оқушыға сабақты қызықты әрі еліктіргіш етуге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды пайдалану қазақстандық білім беру жүйесін тек жаңа технологиялық бағытқа сәйкестендіріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың бағдарламаға деген қызығушылығын арттыруға да септігін тигізеді.
Еске сала кетейік, 2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың орта білім беру жүйесінде оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу жұмыстары басталған. Бірінші сынып оқушыларына жаңа оқу бағдарламалары бойынша әзірленген оқулықтар таратылды.