ТӘУЕЛСІЗ ЕЛГЕ ТӘЙ БАСҚАН ҚАДАМ
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам» атты мектепке дейінгі мекемелер арасында балалар бесік арбасы байқауы өтті, деп хабарлайды бірлестіктің баспасөз қызметі.
Балалардың бесік арбасы шеруімен басталған шарада тәрбиешілер 25 жылдық мерейтойға әзірлеген түрлі бұйымдарымен таныстырды. Сонымен қатар, тәуелсіздікке тәй басқан бүлдіршіндер мен олардың тәрбиешілері сахналық қойылыммен өздерін таныстырып өтті.
Байқаудың екінші кезеңі бойынша тәрбиешілер бесік жырын айтудан сынға түсті. Осылайша, шарада салт-дәстүріміз жаңғырып, бесік жырының бала тәрбиесіндегі орны тағы бір айшықталды.
Нәтижесінде, «Бегім ана» балабақшасы бал тілді бүлдіршіні мен тәлімді тәрбиешісі барлық кезең бойынша үздік шығып І орынды иеленді. ІІ орынды «Сыр бөбегі», «Ер Тарғын» балабақшалары еншілесе, ІІІ орын «Бөбек», «Қуаныш», «Сыр еркесі» балабақшасыларына бұйырды.
Жеңімпаздарға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың арнайы дипломдары мен ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталады.