АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-ФОРУМ ӨТТІ
26 қазан күні Қызылордада e-commerce саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында электрондық коммерцияны дамытуға арналған тұңғыш халықаралық интернет - форум өтті. Шараны «Атамекен» ҰКП және Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырды.
Форум жұмысына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, электрондық коммерцияны дамытудың аймақ экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
- Электрондық сауданың тиімділігі көп жағдайда мемлекеттің саясатына тікелей байланысты. Өйткені электрондық коммерция оффлайн бизнестің тек қосымшасы ғана. Егер мемлекет тауар өндірушілерге жағдай жасап отырса, ал интернет-дүкендерге мысалы, тауарды кедендік рәсімдеу және салық төлеу кезінде белгілі бір преференциялар жасалуы қажет, - деді әкім.
Қырымбек Көшербаев барлық қатысушыларды өзара тәжірибе алмасуға шақырды және қызылордалық кәсіпкерлер аймақта e-commerce, яғни электрондық коммерцияны дамытуға қатысты барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты.
Форумның мақсаты – e-commerce элементтері арасындағы өзара нақты байланыстарды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыру. Сонымен қатар форум спикерлері мен қатысушылар интернетте бизнес жүргізу тәжірибелерімен бөлісіп, онлайн сауда жүргізудегі электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салды.