ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Тасбөгет кентінде үйде оқытылатын балалар арасында жарыс өтті. Шараны Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен «Көкжиек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Жарыс Тасбөгет кентіндегі №257 мектепте дартс және дойбы ойындарынан өтті. Оған 4 мектептен әр түрлі жастағы 20 балалар қатысты.
«Көкжиек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айман Тұрбаеваның мәлімдеуінше мүгедек және денсаулығы нашар балалар мен үйде оқытылатын балалардың арасында бұндай шара бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ.
-Үкіметтік емес ұйымдар үнемі мектебімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Бұл балаларға қуаныш сыйлайды, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меңлібек Байкетеев.
Бірлестік төрайымы Айман Тұрабаева дартс ойынының жеңімпазы Динара Тұрғанова мен дойбы ойынының жеңімпазы Алинар Мұхамбетжановты жеңстерімен марапаттады. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табысталды.
Фариза ОМАРОВА