«ЕРКІН ПІКІР» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Еркін пікір» клубының кезекті отырысы болды. Бұл туралы партияның ресми сайтында жазылған.
Кездесу сыбайлас жемқорлыққа жастардың төтеп беру тақырыбында өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастарды тәрбиелеу тақырыбында өткен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов қатысты.
- Сыйбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Жастардың барынша білімді, бәсекеге қабілетті болу керек. Жастар арасында құқықтық негилизмді жою қажет, - дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Бақытжан Ниязов бүгінгі таңда электронды қызмет көрсету жемқорлықтың біршама төмендеуіне әсер еткенін атап өтті. Электронды қызмет көрсету алдағы уақытта информатика пәніне енеді, барлық қызмет көрсетулер тек электронды түрде болатынын жеткізді.
Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиал төрағасы Абылайхан Сабанбаев жемқорлыққа қарсы «Таза сессия!» акйиясы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
- «Таза сессия!» акциясы аясында облыстағы барлық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне сауалнамалар жүргізілді. Сондай-ақ сыбайластықтың алдын алу мақсатында 50-ге жуық түрлі кездесулер ұйымдастырдық, - деді Абылайхан Сабанбаев.