8 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖАЛАҚЫСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес, жеке кәсіпкерлік нысандарын тексеруде қызметті асыра сілтеу және жалақы қарыздары облыстық прокуратура жұмысының негізгі бағытына айналды. Бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстың бас прокуроры Сапарбек Нұрпейісов биылғы жартыжылдықтың нәтижесін хабарлады.
Сапарбек Нұрпейісовтың хабарлауынша, облыстық прокуратура 650 млн. теңге жалақы қарыздың төленуін қамтамасыз етті. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам жұмысшы өздерінің жалақыларын ала алмай келген.
- Облыс көлемінде қылмыстың тіркелуі 8,6 пайызға төмендеді. Ұрлық және тонау секілді қылмыстар күрт азайған. Бұл – құқық қорғау органдары мен прокуратураның жемісі, - деді бас прокурор С.Нұрпейісов.
Сонымен қатар прокуратураның араласуымен 4 адамның конституциялық құқығы қорғалды. Және мемлекеттік органдардың 2 мыңнан астам заңсыз актісін анықтап, өзгертті. Заңбұзушылықтарды жоюға 66 прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, қаралу нәтижесімен 109 лауазымды тұлға тәртіптік, оның ішінде 5 әкімшілік жауапқа тартылған.
Шынар БЕКБАН