СӘРСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
26 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстікте күн райы ашық. Кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.