ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін «Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан: жастарға!» атты тақырыпта Қызылорда облысы «Қазақстан Теміржолы» ҚОФ "Вагон жөндеу цехы", Қызылорда жылу электро станциясының жастары және өз-өзін жұмыспен қамтыған жұмысшы жастар өкілдерімен кездесті.
Жиынға «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ-ның төрағасы А.Сабанбаев, «Нұр Отан» Партиясы ҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкері А.Нұрсұлтан қатысты. Кездесу барысында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» партиясының партиялық жобалары жастарға ақпараттандырылып мемлекеттік бағдарламаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта жұмысшы жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясына жүгінетіндіктерін айтып «Жас Отан» Жастар қанатының жұмысына сәттілік тіледі.