ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ...» тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында үздік репортаж және мақала сайысы өткізілді.
Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.
Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, сайыстың бас жүлдесін «ҚоғамТВ» телеарнасының редакторы Баян Құлтанова қанжығасына байласа, ІІ орын иегері болып «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшісі Тілеген Бекарыстанов танылды. Ал ІІІ орынды «Bnews.kz» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі, «Время» газетінің меншікті тілшісі, «Кому что?» газетінің редакторы Наталья Денисова жеңіп алды. Сонымен қатар, «oldkaz.kyzylorda-news.kz» интернет газеті редакторының орынбасары Шынар Бекбан мен тілшісі Ақнұр Жағыпарова жұмыстары «Полиция сүйіспеншілігі» аталымына лайық деп танылса, «ҚоғамТВ» телеарнасының операторы Берік Бәйімбетов пен монтажерлары Индира Раисова мен Жанас Исаевтың жұмыстары «Ынтымақтастық» аталымы бойынша марапатталды.
Жиын барысында ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ғ.Төлебаев сөз алып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі