МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ
2016 жылдың 25 қазан – 1 қараша аралығында республика көлемінде өткізілетін «Мен және менің полицейім» акциясы аясында полиция қызметкерлері облыс орталығындағы мектеп оқушыларына облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына, қала тынысын бейнебақылау камералары арқылы бақылауға мүмкіндік беретін Жедел басқару орталығына экскурсиялар ұйымдастырады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыру, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне баулу, жол ережелерін үйренуге шақыру болып табылады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция ағымдағы жылдың 01 қарашасына дейін жалғасатын болады. Шара барысында жасөспірімдерді патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында полиция қызметкерлерінің, кинолог мамандар мен иісшіл иттердің жұмысымен, жол патрульдік полициясының қызметтік автокөліктерімен таныстыру жоспарланып отыр.
Акция барысында бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі мекемелердің жоғары топ тәрбиеленушілері үшін әңгімелесулер, дәрістер және тематикалық ойындар өткізіледі.