ЗАҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Жандос Әбсат азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы партияның ресми сайтында жазылған.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар алимент, жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселелерін қозғады.
Қабылдауға соттың алиментті төлеу туралы шешімінің орындалмай жатқандығына және осы мәселемен тікелей айналысатын сот орындаушыларының әрекетсіздігіне шағымданып 5 азаматша келді.
Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Жандос Әбсат әрбір жайт бойынша жіті тексеріп, тиісті жауап берілетінін жеткізді.
Жалпы жыл басынан облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдауында әділет департаментінің басшылығы 11 қоғамдық қабылдау өткізіп, 63 азаматтың мәселесінің оң шешілуіне ықпал етті.