ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ОБЛЫСЫНДА БҰРҚАСЫН СОҒАДЫ
24 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, тек республиканың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады,таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді