ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1200 ТОННАҒА ЖУЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ САТЫЛДЫ
22 қазан күні «Алтын дән - 2016» мерекелік шарасы аясында Қызылордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер Қызылорданың барлық аудандарынан жиналды. Олар жәрмеңкеге барлығы 429 көлікпен келіп (1192 тонна), жалпы құны 181,9 млн. теңгені құрайтын азық-түлік өнімдерін сатылымға шығарды. Көкөніс және жеміс-жидек, ет-сүт және өзге де бақша өнімдері нарық бағасынан төмен сатылды. Жәрмеңке барысында концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар және өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биыл облыс әр гектардан 54,9 центнерден күріш өнімін жинап, рекорд жаңартты. 440 мың тоннаға жуық «ақ алтын» аймақ қамбасына құйылды.
Биылғы күріш өнімінің рекордтық нәтижесі ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығымен және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Биылғы күріш өнімінің рекордтық нәтижесі ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығымен және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.