МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Бүгінгі күні халық арасында көп сұралатыны білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері. Яғни «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 7 жасқа дейінгі балаларды кезекке қою», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» сияқты түрлі қызметтер.
Айталық, Қармақшы аудандық білім бөлімі тарапынан 23 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 10 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы, 13 қызмет баламалы түрде жүзеге асырылып келеді.
«Қармақшы аудандық білім бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жалпы саны ағымдағы жылдың 9 айында 13 мың 202 құрады. Ұсынылған қызмет саны өткен жылмен салыстырғанда 26,9 пайызға артып отыр», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.
Сондай-ақ, Сырдария аудандық білім бөлімінің бас маманы Жанар Қойшыбаеваның айтуынша бөлім тарапынан 13031 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мектепке дейінгі балалр ұйымдарына жіберу үшін 7 жасқа дейінгі балаларды кезекке қою қызметі өткен жылмен салыстырғанда 62,5 пайызға өскен.
Ал, ағымдағы жылдың 9 айында 3415 мемлекеттік қызмет көрсеткен Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Мейірхан Оспанов мемлекеттік қызмет көрсету барысында ешқандай құқықбұзушылық орын алмағандығын мәлімдеді. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.