ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда облыстық мәслихатының «Өндіріс және шаруашылық салалары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болды.
Тұрақты комиссия төрағасы депутат Темірхан Кенжебаев төрағалық еткен отырысқа тұрақты комиссия мүшелері және облыстық басқарма және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Депутат Т.Шаутай қазіргі таңдағы балық аулаудағы заңсыздықтар, елді мекендерге қарасты көлдерден тоқпен аяусыз қырып ауланып жатқандығына баса назар аудара отырып, осы мәселені шешуде нақты жұмыстар атқарылуы қажет екендігін ұсынды. Талқылау қорытындысымен айтылған ұсыныс-пікірлер қаперге алына отырып күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
Айта кету керек, инспекция қызметкерлерімен жыл басынан бері табиғат заңдылығының сақталуына бақылау жасау мақсатында 615 рейдтік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 407 балық аулау тәртібін бұзушылығы тіркеліп, оның ішінде заңсыз балық аулағаны үшін 404 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, оның 16% (65-і) сот органдарына жолданғандығы айтылды.