ЭНЕРГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ
Қазанның 25-26-ы күндері «Қызылорда облысының орнықты даму мен әлеуметтік–экономикалық жаңғыртуға қол жеткізудегі мүмкіндіктерін кеңейту» БҰҰ және ҚР Үкіметінің бірлескен бағдарламасын іс жүзіне асыру шеңберінде Қызылорда қаласында бұдан бұрын іс жүзіне асырылған қала шаруашылығында (ғимараттарға жылу беру мен жарықтандыру, көшелерді жарықтандыру) энергиялық тұрғыдан тиімділікті арттыру жөніндегі сынамалық таныстырымдық жобалардың нәтижелерін көрсететін іс-шаралар өткізіледі.
Мәселен, 25 қазан күні, Қызылорда облысының әкімшілігінде облыс әрі қала басшылықтарының, білім, денсаулық сақтау басқармалары, тұрғын үй инспекциясы мен қаланың коммуналдық кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен болатын атқарылған сынамалық жобалардың нәтижелері және осы тәріздес бастамалардың аймақта бұдан әрі көбейе таралуына арналған ақыл-кеңестерге қатысты жиын өткізіледі.
Жалпы білім беретін мекемелер мен көппәтерлі тұрғын үйлерде энергия менеджменті жүйесін енгізу және дамыту қазан айының 25-26-на жоспарланған басқа бір іс-шаралардың тақырыбы болмақ.
Анықтамалық материал: Қызылорда облысы бойынша БҰҰ және ҚР Үкіметінің бірлескен бағдарламасын іс жүзіне асыру міндеттері шеңберінде Қызылорда қаласында, оның ауқымы тұрғын үйлер мен мектептерді қамтитын, ТҮКШ нысандарының энергиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру жөніндегі сынамалық жобалар іс жүзіне асырылды, Әкімшілік, коммуналдық кәсіпорындар мен КОБМ-і өкілдеріне арналған оқыту шаралары және семинарлар өткізілді, энергияны үнемдеу жөніндегі тұрғын халықтың хабардарлығын арттыруға қатысты бастамалар қолға алынып, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы нысандарының мөлдірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Бағдарламалық өнім әзірленді.
«Қызылорда облысының орнықты даму мен әлеуметтік–экономикалық жаңғыртуға қол жеткізудегі мүмкіндіктерін кеңейту» БҰҰ және ҚР Үкіметінің бірлескен бағдарламасының мақсаты облыста орнықты және тең құқылы әлеуметтік әрі экономикалық дамуға алғышарттар жасау, сонымен қатар, денсаулықты нығайту мен денсаулық сақтау салаларындағы ахуалды жақсарту болып табылады.
Энергиялық тұрғыдан тиімділік жөніндегі БҰҰДБ жобаларының жұмысының басты бағыттарының бірі аса маңызды серіктестер мен мақсатты топтар арасында энергияны үнемдеу саясатын ілгерілету болып табылады. Әрбір іс жүзіне асырылатын жобада – жобаның соңғы нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында – энергияны үнемдеудің қажеттіліктері, мүмкіндіктері, әдістері әрі ұтыстары жайлы әр түрлі нысаналы топтарды тиімді түрде хабардар ету мен үгіт–насихат жүргізу алдын ала қарастырылған.