БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ
Қызылордада «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалына қарасты «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Онда бастауыш партия ұйымының төрағасы Алтынбек Әбдіреев төрағалық етіп, бастауыш ұйымының 2015-2016 жылдарғы атқарған жұмыстарын баяндады.
- Біздің бастауыш партия ұйымымыз «Теміржол» партия филиалымен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Барлық саяси және қоғамдық шаралар «Нұр Отан» партиясының қатысуымен өтіп, партияның мақсаттары мен стратегиялық бағдарламалары насихатталады, - деді ұйым төрағасы.
Одан әрі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер кеңінен сөз болып, аталмыш ұйымның жетістіктері айтылды. Кездесу барысында ұйымның төрағасы, хатшысы және бюро мүшелері, «Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалының конференциясына қатысатын делегаттарды сайлады.
Жиын барысында бастауыш ұйымның жеткен жетістіктерін айта келе, болашақта жұмысты жандандыру туралы айтылды. БПҰ өздерін жаңа қозғаушы күш ретінде партияның беделін және абыройын көтер мақсатында жаңа бастамаларды көтеру ұсынылды.
Жиын соңында Бюроның жаңа құрамы сайланды. Аталмыш БПҰ төрағасы болып Алтынбек Әбдіреев қайта сайланды.