21 ҚАЗАНҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Жұма, 21 қазан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау, Павлодар, таңертең Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтілед. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейетіні күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, таңертең және күндіз 15-20 м/с екпінде жел соғады.