АДАЛ ЖОЛ
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Адал жол» тақырыбындағы семинар өткізілді.
Семинарға қаланың арнаулы орта білім беру мекемелерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Департаменттің бас маманы Мұрат Искаков еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем» төзбеушілік қағидатын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге, іс-шараның қатысушылары үшін өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа деген жағымсыз қарым-қатынасын тәрбиелеуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар толтырылды.