МӘСКЕУДЕ БАЙҚОҢЫР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЕЭК кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.
Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.
«Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар: «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру тұжырымдамасын дайындау, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу және т.б. талқыланды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниетін білдірді.