ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының әділет департаментімен аудандық, қалалық әділет басқармалары мен филиал басшылары арасында «Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып табылады.
Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қабланбек Абдраманов сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнамасындағы талаптар жайлы толыққанды түсіндірме беріп, қызметкерлер арасында сауалнама жүргізді.
Семинар соңында әділет департаментімен дайындалған жадынама қызметкерлерге таратылып, семинардың ұсыныстары қабылданды.