ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, тұман түседі деп күтілуде. Тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтөбе, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 жел соғады, күндіз оның екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Республиканың батысында, солтүстік-бастысында, оңтүстігінде және шығысында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.