«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының өкілдері қалалық ішкі істер басқармасы мамандарымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округтерінің жолдары аумағында өткен қабылдауға көлік жүргізушілері жол ережесі заңдылықтары, конституциялық құқықтарының сақталмау мәселелері бойынша өтінішітерін білдірді.
Мәселен, 16 жыл көлік жүргізу тәжірбиесі бар Асхат Әбілтай жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетіп, оны қайта рәсімдеу мәселесі бойынша шағымданды. Оны осы уақытқа дейін көлік құралын басқарып келген азамат, бас аяғы 1 апта уақыт жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда неліктен қайта емтихан тапсырып, қайта көлік жүргізу сынағынан өтуге тиіс»,- деген сұрақ мазалайды.
Жүргізушінің бұл сауалына Қызылорда қалалық жергілікті полициясы бастығының орынбасары, полиция майоры Руслан Нағашыбай кеңес берді. Ол өз сөзінде бұл ҚР жол қозғалысы ережесінің талаптарына сәйкес көзделгендігін жеткізді.
Акция аясында нұротандықтар көлік жүргізушілеріне жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынасы кезінде өздерін қалай ұстайтындығы жөніндегі сұрақтар қамтылған арнайы сауалнамалар таратып, жергілікті әкімшілік полциясының жол патрульдік қызметінің жұмысын бағамдады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов «Жолда қабылдау» акциясының құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жергілікті әкімшілік полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру бағытында ұйымдастырылғанын атап өтті.
Жалпы Қызылорда қаласында жыл басынан бері 133 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 19 адам қаза тапса, 137 адам жарақат алған. Жол-көлік оқиғаларына әкеп соққан басты себеп ол жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдары.