800 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ВАКЦИНА ЕГІЛДІ
Қазақстанда 53,8% тұрғынға тұмауға қарсы вакцина егілді, деп хабарлайды primeminister.kz.
«2016 жылдың 19 қазанына дейін 782 957 адамға тұмауға қарсы вакцина егілді. Бұл вакциналануы тиіс азаматтардың жалпы санының 53,8%-ы, оның ішінде 117 410-ы медициналық қызметкер, 40 321-і жүкті әйел, созылмалы аурулары бар 206 313 бала, 85 118-і мектеп оқушысы, 25 197 мектептің, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 959 қарт адам, 262 639 жұмыс ұжымының өкілі бар», - деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ.
Министрлікте аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының мамандары өткізетін аулаларды тексеру шаралары барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдар арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, республикада тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.