АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ
Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесі» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Тұңғышбай Ботабаевтың басшылығымен Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері ұзақ жыл төтенше жағдай саласында жұмыс істеген ардагерлердің үйіне барып құттықтады.
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері ардагер Төлеген Жылқыбаевты, Борис Лазурченконы, Галина Родичты, Әмина Мұсаеваны, Торыбай Үсеновты, Мұрат Домалатовты, Алмагүл Қараманованы құттықтады. Ардагерлерді «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесі» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Тұңғышбай Ботабаевтың және Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Қуандықов Әлімжан, комендант Боранова Гүлжаһан құттықтап, оларға денсаулық, қуаныш, береке және өмірдегі барлық жақсылықты тіледі.
Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қазіргі күні өздерінің ардагерлеріне құрметпен қарауды дағдыға айналдырып отыр. Төтенше жағдайлар саласында еңбек еткен барлық ардагерлердің еңбектері елеулі, олар төтенше жағдайлар саласының дамуына өздерінің ізін қалдыра білді. Бүгін және көптеген жылдар бойы ардагерлер барлық деңгейдегі қызметтегілердің жұмысы жөнінде қызығушылық білдіріп отырады. Білім және көптеген жыолдар бойы жинақталған тәжірибесін жаңа буын құтқарушылармен бөлісуі – бұл үлкен жетістіктің кепілі.
Біздің ардагерлеріміз де азаматтық қорғау саласының мамандарының жұмысы жөнінде ізгі пікірлерін білдірді. Осы ретте мамандар тарапынан ардагерлерге азық-түлік пен сый-сияпат ұсынылды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы өздерінің ардагерлерін ұмытпайды және әрқашан да мереке күндері олардың хал-жағдайын сұрап, азық-түлік пакетін, сый-сияпатты табыстайды. Оларға бақыт, мықты денсаулық, табыс, ырыс-берек тілейді. Ардагерлер де ТЖД басшылығы мен ұжымына өздерінің ақ батасын береді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы