СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлері Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шара барысында студенттерге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі ережелері мен ондағы жастардың ерекше рөлі түсіндірілді.