ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ
Қызылорданың көпқабатты үйлері 99 пайыз жылу жүйесіне қосылды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Марсбек Молдабаев мәлімдеді.
Биылғы жылы ұлттық қордан бөлінген 997 млн 178 мың теңгеге 7 жоба бойынша ұзындығы 13 шақырымды құрайтын магистралды және кварталаралық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
- Тұрғындар өз тараптарынан ауыстырылуы тиіс қосалқы бөлшектерді алып берген жағдайда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен тиісті мекемелермен бірлесе отырып оларды ауыстыру және орнату жұмыстарына тегін қызмет көрсетілмек. Алайда құбырлардың ауыстырылмауы немесе пәтер ішіндегі жылу құбырларының жылу беру маусымына дайын болмауы салдарынан кей көпқабатты тұрғын үйлерде мәселе туындап жатыр. Бүгінгі таңда бұл жағдайлар қалыпқа келтіріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, - дейді қала әкімінің орынбасары Марсбек Молдабаев.
Фариза ОМАРОВА