ЖОБАЛАР ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ
Ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылықтарды көбейтіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеген "Нұр Отан" партиясы өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлескен түрде «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру жөнінде меморандумға отырған болатын.
Бүгінде аталмыш жоба аясында төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие алып, шаруашылықпен айналысушылардың саны Сыр өңірінде артып келеді. Әсіресе төрт түлік мал өсіріп, тұқымын асылдандыруға, сондай-ақ бордақылауға ниеттенгендердің қатары қалың.
Жоба арқылы несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округінің тұрғыны Асылхан Жұмахан. Азамат жоба аясында мал бордақылау үшін 4 млн теңге несие алған. Болашақта кәсібін үлкейтіп, Қызылорда халқын етпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
- Мен жобаның тиімділігін естіп, жылдам құжат жинауға кірістім. Бар жоғы бір ай мерзімде 4 млн теңгеге несие алып, 16 бас жылқы малын сатып алдым. Қазір барлығы да етке жарамды күйде. Бұл ауыл тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандырады. Болашақта мал санын арттырып, қала халқында етпен қамтамасыз етеміз",- дейді ол кәсіпкер.
Ал, осы ауыл тұрғыны Зухра Акпанбетова мал шаруашылығымен айналысады. Тірлігін азын аулақ ұсақ малдан бастаған шаруаның қорасы қазір ірі қарамен толыққан.
Ауыл тұрғыны жоба аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 2 млн. теңге несие алып, 8 бас жылқы малын сатып алған. Кәсіпкер жобаның тиімділігі жайлы айтты.
- Жобаның көмегі өте көп. Біріншіден жұмыс. Екіншіден осыған еңбек ету арқылы отбасымызды асырап отырмыз. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп ауылдастарымды жұмыспен қамтысам дегенде ойым бар. Шалғайдағы халықтың қамын ойлаған "Нұр Отан" партиясына сол үшінде алғысымды білдіргім келеді, - деді Зухра Акпанбетова.
Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғындарының берекелі ісімен танысқан нұротандықтар осылайша «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасының жемісін бақылап, қызмет түрлерін онан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Жалпы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында Қызылорда облысында 920 млн. теңгеге қаржы қаралған. Оған 304 мал бордақылау алаңы, 2 сүт қабылдау және 2 мал сою пункін салу көзделген, делінген партияның ресми сайтында.