АНГОЛА ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ангола Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Альбина Ассис Африканомен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.
Кездесу барысында ұлттық компания басшысы Ангола комиссарының жақында ғана болған тағайындауымен құттықтай отырып, оның мол тәжірибесін тілге тиек етті. Әсіресе, Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде Ангола павильонының жүлделі екінші орын алғанын айтты. Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Көрмені ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрменің мазмұны мен контентіне тоқталды.
«Алдағы көрменің тақырыбын ерекше айтқым келеді. Ол, шын мәнінде, уақтылы әрі маңызды. Ангола «Барлығына арналған энергия» тақырыпшасын таңдады. Өйткені, бұл бағыттың жүзеге асуы бізге кедейлікпен күресуге көмек беріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік көпір боларына сенімдіміз. Бұл тақырып – негізгісі. Себебі, Ангола Республикасының энергетика саласындағы стратегиясымен сәйкес келеді», - дейді А.Африкано.
Кездесу соңында Анголаның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.