ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күнін атап өтуде.
Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ТЖ-ның алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды.
Құтқарушы күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті және оның аумақтық бөлімшелері барлық облыстарда мерекелік іс-шаралар өткізеді.
Астана қаласындағы «Конгресс-Холл» ғимаратының алдында заманауи құтқару техникалары қойылатын болады.
Сондай-ақ «Конгресс-Холл» концерт залында кәсіби мереке - Құтқарушы күніне арналған концерт өтеді, ардагерлер мен қызметкерлерге наградалар табыс етіледі.