ҚЫЗЫЛОРДАДА БҰҰ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Қазақстан бойынша Қызылорда облысының №1, №6 емханалары және Жаңақорған аудандық емханасы, БҰҰ пилоттық жобасын іске асыруда. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оның мақсаты – патронаттық медбикелер жұмысын кеңейту. Орта буын қызметкерлері ана мен бала денсаулығын жіті қадағалайтын болады. Яғни, патронаттық медбикелер әрбір баланың денсаулығын үнемі бақылап, әсіресе, әлсіз-әлеуметтік көмек қажет ететін жанұялармен жұмыс жасайды. Олар тек қана медициналық көмек көрсетіп қана қоймайды, әлеуметтік жағдайын бақылап, атқарушы органдарға есеп береді.
Облысымызға келген, Біріккен Ұлттар ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура және осы ұйымның ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстандағы өкілінің орынбасары Фиакра Макесси және облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, №3 емхана базасынан «Патронаттық қызмет көрсеуді жетілдіру ресурстық орталығын» ашты.