ОБЛЫС ЖАСТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ХІІ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» атты облыс жастарының дәстүрлі ХІI форумы жұмысын жалғастыруда.
Форум барысында 4 бағыттан тұратын секциялар жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік мекемелердің және жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы», «Ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері», «Жастар саясатына талдау және мониторинг жүргізу», «Мемлекеттік жастар саясаты саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру тетіктері» тақырыптары кеңінен талқыланбақ.
Секция жұмыстарын жастар саясаты саласындағы сарапшы мамандар, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері жүргізеді.
Секция жұмыстарын жастар саясаты саласындағы сарапшы мамандар, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері жүргізеді.