ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ БҮЙРЕК АУЫСТЫРЫЛДЫ
Сыр медицинасы тарихында алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
Сол арқылы Қызылорда республика бойынша бүйрек ауыстыру отасын төртінші болып жасады. Науқас Қызылорда қаласының тұрғыны 29 жасар Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донорлық жасап бір бүйрегін берді. Облыстық медицина орталығында жасалған отаның ерекшелігі донор арқылы науқас бүйрегін отандық хирургтар жасады.
Бүгін ағалы-қарындасты Бозғұловтарды өңір басшысы Қырымбек Көшербаев жағдайын сұрау үшін облыстық медицина орталығына барды. Аймақ басшысы отаның сәтті өтуімен құттықтап, тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді. Сонан соң науқастардың денсаулығын сұрау үшін емдеуші дәрігермен кездесті. Кездесу барысында одан әрі өңірлік медицинаның дамуы және медициналық құрылғылар жайы баяндалды.
- Аса ауыр бүйрек ауыстыру отасын А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері мен облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері бірлесіп жасады. Науқасты А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек ауыстыру, экстракорпоральды детоксикация және урогеникология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Әкімжан Зайналов емдеп жатыр», - деді Нұржамал Тұрсынбаева.
Бүйрек ауыстырудың келесі отасы үстіміздегі жылдың қараша айына жоспарланған.
Шынар БЕКБАН